Ізгілікке үндейтін мейрам

Ізгілікке үндейтін мейрам

Ізгілікке үндейтін мейрам
ашық дереккөзі
Ораза айт – жүрекке қуаныш пен мейірім сыйлайтын, адамзат баласын ізгілікке, достық пен бауырластыққа, қанағат пен қайырымдылыққа үндейтін мейрам. Айт сөзі – мерекелеу, хал сұрасу, бір-бірін қуанту деген ұғымды білдіреді. Ораза айт – қасиетті Рамазан айының аяқ­тал­ғанын білдіретін мереке. Жер бетіндегі күллі мұсылман үм­беті айт күндері хал сұрасып, бір-бірін құт­тықтап, мәре-сәре күй кешеді. Со­ны­мен қатар, көмекке мұқтаж жандар­ға жәрдемдесіп, оларды да қуанышқа бөлейді. Алла Тағала: «...Олар Мен үшiн ора­за ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенел­сiн...» дейді. Жа­ратушы иеміз сіз бен біздің қуа­ныш­ты күндерімізді еселей түссін деп ті­лей­мін. Ораза айт – отбасы мерекесі. Айт күн­дері ата-анамызды, ұл-қыздары­мыз­ды, аға-бауырларымызды қуаныш­қа кенелтіп, қараусыз қалған қарттарға, же­тімдер мен мүгедектерге көмек­тесу­дің сауабы мол. Қазақстан Мұсылмандары діни бас­қармасы қасиетті Рамазан айында елі­міз бойынша ауызашар қораптарын та­ратып, қайырымдылық шараларын жү­зеге асырды. Сауаптар еселеніп жа­зы­­латын берекелі айда игі іске атса­лыс­қан еріктілерге, демеуші азаматтар мен жомарт жандарға риясыз ниетпен ай­рық­ша алғысымды білдіремін. Еліміздегі пандемия жағдайын ес­керіп, Діни басқарманың пәтуасы мен мешіт тәртібіне бағынып, құлшылығын үйде орындап, оразасын оқшау түрде ұс­таған жамағатқа да Алла разы бол­сын айтамын! Алла Тағала отыз күн бойы ұстаған ора­замызды, жасаған дұғамызды, жәр­демге мұқтаж жандарға үлестірген са­дақа­мызды қабыл еткей! Әр отбасына амандық, жақсылық ті­леймін. Оразадан оразаға дейін аман-есен жете берейік! Жер бетінен жұқпа­лы дерт жойылып, мерекелі, берекелі сәт­терде жүздесуді жазғай! Еліміз аман, жұр­тымыз тыныш болғай! Әмин!