Қазақстан коронавируспен күреске 71 млрд теңге жұмсады

Қазақстан коронавируспен күреске 71 млрд теңге жұмсады

Қазақстан коронавируспен күреске 71 млрд теңге жұмсады
ашық дереккөзі
Қазақстан биыл коронавируспен күреске 71 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның көбі медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуге, медициналық көмек пен аурудың таралуын болдырмау шараларына жұмсалған деп мәлімдеді Медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов. Атап айтқанда, 2021 жылдың І тоқсанында медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуге 42,4 млрд теңге бөлінді. 15,6 млрд теңге медициналық көмек пен аурудың таралуын болдырмауға жұмсалған. Болат Төкежановтың мәліметінше, бұл сома ауруханаға жатқызылған 95 мыңнан астам адамға жұмсалған. ПТР-тестерге 10,3 млрд теңге, мобильдік топтардың шығуына – 3 млрд теңге, үйдегі стационарларға – 33,3 млн теңге жұмсалды. Қор басшысының айтуынша, қазақстандықтар пневмония мен коронавирус жұқтырса, мәртебесіне қарамастан медициналық көмекті тегін алады. «Былтыр шамамен 1,9 млн ПТР-тест жасалса, биыл алғашқы үш айдың өзінде 1,3 млн ПТР-тест тапсырылған», – деді Болат Төкежанов.