Шымкентте қой бағып жүрген шопан граната тауып алды

Шымкентте қой бағып жүрген шопан граната тауып алды

Шымкентте қой бағып жүрген шопан граната тауып алды
ашық дереккөзі
Шымкент қаласында табылған гранатаға ұқсас жарылғышты полиция қызметкерлері залалсыздандырды, – деп хабарлады Polisia.kz. 11 мамыр күні жергілікті тұрғын қала аумағындағы ауылдардың бірінде қой бағып жүрген кезінде гранатаға ұқсас затты тауып алған. «Ол осы жағдайды Шымкент қалалық полиция департаменті Еңбекші ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне хабарлады. Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері шақырту болған жерге шұғыл барды. Тексеру барысында тәртіп сақшылары қара түсті гранатаны анықтап, қоршауға алып, залалсыздандырды», – делінген хабарламада. Шымкент қаласының ПД жарылғыш затты тапқан кезде одан алыс тұрып, қауіп туралы айналадағы азаматтарға ескертіп, дереу полицияға хабарлауға кеңес береді.