Екі айлық сәбидің өліміне қатысты тергеу ісі басталды

Екі айлық сәбидің өліміне қатысты тергеу ісі басталды

Екі айлық сәбидің өліміне қатысты тергеу ісі басталды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысы Бәйтерек ауылында екі айлық сәбидің өлімі тіркелді. СҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 7 мамыр күні болған. Қызылжар аудандық полиция бөліміне таңғы сағат 8.05-те Бәйтерек ауылында 30 наурыз күні туған сәбидің қайтыс болғаны жайында хабар түседі. Тәртіп сақшылары сәбиді қарау кезінде ешқандай дене жарақатын көрмеген. Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Мамандар «Емшектегі сәбидің кенеттен болған өлімі» деп қорытынды шығарды. 25 жастағы анасының айтуынша, 6 мамырдан 7 мамырға қараған түні ол таңғы сағат 5.00 шамасында оянып, баласын емізген. Кейін ұйықтатып, өзі де ұйықтауға жатқан. Таңертең сағат 7.30 шамасында оянған ол баласының дем алмай жатқанын көрген. Туғандары бірден фельдшерді шақырған. Қазір осы дерек бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, іс жан-жақты қаралып жатыр.