Астанада игерілмей жатқан 1 мыңнан астам жер учаскесі бар

Астанада игерілмей жатқан 1 мыңнан астам жер учаскесі бар

Астанада игерілмей жатқан 1 мыңнан астам жер учаскесі бар
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев қалалық қызметтердің игерілмеген жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын болдырмау және құрылыс алаңдарындағы қоқысты уақытылы шығару мәселелері жөніндегі іс-қимылдар жоспарын бекітті. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметінен хабарлады. Бекітілген іс-шаралар аясында елорда әкімдігінде Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен отырыс өтті, оған игерілмейтін жер учаскелерінің 400-ге жуық иесі қатысты. Елорда басшысының бірінші орынбасары Сергей Хорошунның айтуынша, ескерту жасалғаннан кейін бір жылдың ішінде игерілмеген жер учаскелерін қайтарып алу бойынша сотқа талап-арыз ұсынылады. 2012-2016 жылдары елорда әкімдігі прокуратура органдарымен бірге қала аумағындағы игерілмейтін жалпы ауданы 16 мың га 1084 жер учаскесі анықталды. Соның ішінде қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы ауданы 6 мың га 265 игерілмейтін жер учаскесі (соның ішінде, жалпы ауданы 5,2 мың га 88 ауыл шаруашылық мақсаттағы жер учаскесі, ауданы 0,8 мың га 177 коммерциялық нысан) мемлекетке қайтарылды. Бұған дейін пайдаланылмай келген ауданы 4,4 га жер учаскесі (соның ішінде: ауданы 4 мың га ауыл шаруашылық мақсаттағы 54 жер учаскесі, ауданы 0,4 мың га 286 коммерциялық нысан) игеріле бастады. Сондай-ақ, ауданы 5,6 мың га 479 жер учаскесі бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелерін қайтаруды қамтамасыз ету бойынша Жол картасы әзірленді. Құжат аясында барлық пайдаланылмайтын жерлердің иелеріне бір жылдың ішінде жерді мақсатты пайдалану қажеттілігі туралы ұйғарым берілді. Сонымен қатар, құрылыс алаңдарындағы қоқысты уақытылы шығару және рұқсат етілмеген қоқыс орындарын болдырмау бойынша мәселелер әкімдіктің ерекше бақылауына алынды. Салушылар мен игерілмеген жер учаскелерінің иелеріне екі аптаның ішінде аумақтағы қоқысты арнайы қалалық полигонға шығару туралы ескерту жасалды. Айта кетейік, ҚР Жер кодексінің 94-б. Нормасының талаптарына сәйкес, игерілмейтін жер учаскелері сот шешімімен алынады және сот орындаушыларымен саудаға (аукционға) шығарылады. Қазіргі таңда ауданы 69,3 га 33 жер учаскесін мәжбүрлі түрде мемлекет меншігіне қайтару туралы шағым қанағаттандырылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауға алынды.