Жаңалықтар

Әрқайсы 40 млн теңге: Ақтауда қоғамдық көліктер 95 пайыз жаңартылды

ашық дереккөзі

Әрқайсы 40 млн теңге: Ақтауда қоғамдық көліктер 95 пайыз жаңартылды

Ақтауда қоғамдық көліктер 95 пайыз жаңартылды. Отандық зауытта құрастырылған 18 автобус лизингтік бағдарлама арқылы қараша айында сатып алынған. Әрқайсы 40 млн теңге тұрады, - деп хабарлайды 24.kz. Сондай-ақ тасымалдаушылар есебінен 30 қоғамдық көлік әкелінді. Қазір олар қалаішілік бағыттарға және Мұнайлы ауданына қатынайды. Биыл шаһар билігі тағы 16 автобусқа тапсырыс берсе, тағы 10 қоғамдық көлікті жеке кәсіпкер алдыртып жатыр. Қала халқын қуантқан тағы бір жаңалық - биыл сплит-жүйе және әжетханамен жабдықталған 20 аялдама іске қосылады. Нұрдәулет Қилыбай, қала әкімі: - Шілденің ортасында Ақтау көшелерінде жаңа аялдамалар пайда болады. Жалпы алғанда 50-ге жуық аялдама салмақпыз. Wi-Fi орнату көзделіп отыр.