«Біріккен ұлт жеңеді!» халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Біріккен ұлт жеңеді!» халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Біріккен ұлт жеңеді!» халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды
ашық дереккөзі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ел тәуелсіздігіне 30 жыл толуына және университеттің 25 жылдығына орай «Біріккен Ұлт жеңеді!» атты халықаралық бейне материалдар байқауын өткізді. Байқау биыл 2-мәрте ұйымдастырылып отыр. Комиссия мүшелері 60-тан аса жұмыстың ішінен ең үздіктерін таңдап, жеңімпаздарды анықтады. Байқауға шетелдік жоғары оқу орындарының білім алушылары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің және еліміздің басқа да жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары қатысты. АҚШ, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейдің оқу орындарынан көптеген жұмыс келіп түскен. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Жолдасбекова Ақбота Ниязқызы құттықтау сөзімен ашты. ЕҰУ Ректоры Е.Б.Сыдықов «Біріккен ұлт жеңеді!» халықаралық байқауының Гран При, I-ші дәрежелі, II-ші дәрежелі және III-ші дәрежелі дипломдар мен арнайы номинациялармен марапаттады. «Біріккен Ұлт жеңеді!» халықаралық байқауының бас жүлдесін америкалық Мичиган университетінің магистранты Молдағалиева Мөлдір жеңіп алды. Мөлдірдің «Елімді аңсап...» атты бейне материалын байқау Комиссиясы бірауыздан үздік жұмыс деп таныған. Байқаудың I дәрежелі дипломы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің магистранты Бәкірова Ақбөпеге берілді. II дәрежелі дипломдар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ростов мемлекеттік экономикалық  университетінің студенттерінің «Ұлттық құндылық – ұлт болмысы», «Раскрась жизнь сам» атты жұмыстарыға берілді. III дәрежелі дипломмен Хаджеттепе университетінің (Түркия), Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің және Жүсіп Баласағұни атындағы Қырғыз Ұлттық Университетінің  магистранттары лайық болды. Бұл  жұмыстардың тақырыптары да ерекше: «Қазақстан Тәуелсіздігінің Түркия үшін маңызы», «Ұлттық домбыра ұлықталды» және «Манасчылар – улут сыймыгы». Халықаралық байқауға қатысқан үміткерлер "Үздік идея", "Үздік режиссура", "Үздік операторлық жұмыс", "Үздік монтаж", Күлтегін, Абай, Шерхан Мұртаза, Сағат Әшімбаев, Камал Смайылов, Марат Барманқұлов, Лязиза Аймашева, Рымғали Нұрғали, Ақселеу Сейдімбек және басқа танымал тұлғалардың атындағы номинациялардың жеңімпаздары да анықталды.