Белгісіз біреулер Қайым Мұхамедхановтың құлпытасын қиратып кеткен

Белгісіз біреулер Қайым Мұхамедхановтың құлпытасын қиратып кеткен

Белгісіз біреулер Қайым Мұхамедхановтың құлпытасын қиратып кеткен
ашық дереккөзі
Абайтану саласының негізін қалаған ғалымдардың бірі, жазушы Мұхтар Әуезовтің ізбасары, Абайдың мемлекеттік музейін ұйымдастырушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ғалым Қайым Мұхамедхановтың құлпытасын белгісіз біреулер талқандап кеткен.  Бұл туралы Malim.kz тілшісіне ғалымның ұлы Қанағат Қайымұлы хабарласып, қабырғасын қайыстырған жайтты қынжыла баяндаған, деп жазды Сәтжан Қасымжанұлы.
«Бүгін біз бір топ ағайын –туыстар жиналып, әкеміз бен анамыздың басына зиярат етіп барып қайтқан едік. Абай Құнанбайұлына бүкіл ғұмырын арнап, сол жолда қиындық пен азаптың бәрін көрген әкеміздің дүниеден өткеніне 17 жылдың жүзі болды. Әке қабірінің басына барғанымызда құлпытасының бел ортасынан қақ бөлініп, жерде жатқанын көріп, көзіміз шарасынан шықты. Ең ауыры, бұл сұмдық бірінші рет болып отырған жоқ. 100 жылдығы кезінде де әлдекімдер қабір қоршауын бұзып кеткен болатын. Одан кейін Абай көшесі бойындағы әкеміздің құрметіне қойылған барельефіндегі есімінен латуньннен құйылған әріптерін ұрлап кетіп, тағы да жігерімізді құм етті. Мұндай қастандықтың кімнің тарапынан келіп жатқанын ішіміз сезеді. Атауға дәтіміз бармайды. Білетініміз – бұл өмірбақи әкеммен жөнсіз жауласып, көре алмай күндеп өтетін адамның ісі», - дейді Қанағат Қайымұлы.