Жаңалықтар

300-ге жуық мемқызметші жауапқа тартылды

ашық дереккөзі

300-ге жуық мемқызметші жауапқа тартылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық бөлімшелері ұлттық экономика, әділет, инвестициялар және даму министрліктері және олардың бірқатар комитеттерінің қызметтеріне талдау жүргізді. Тексеру барысында заңнаманың, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттер нормаларын жүйелі түрде бұзу анықталды. Ең кең тарағаны - қызмет көрсетуші тарапынан қосымша құжаттарды талап етуі, негізсіз бас тартуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімін созу, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өтініш пен құжаттар топтамасын өздігінен тапсыруға мүмкіндіктің жоқтығы, бизнес процестердің сәйкессіздігі, шағымдарды қарау мерзімдерінің бұзылуы, қызмет алушылардың құжаттары толық болмағандығына қарамастан мемлекеттік қызметті көрсету және басқа бұзушылықтар. Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік органдар тарапынан тиісті іс-шаралар жоспарлары әзірленді. Сонымен қатар, агенттік пен оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 175 шағым түскен, олардың негізінде жоспардан тыс 79 тексеру жүргізілді. Аталған жұмыстың нәтижесінде 48 шағым иелерінің дәлелдері расталып, 33 қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді.