Қытайдағы қандасымыз Еркеш Құрманбекқызының «Арғымақ асуы» романы талқыланды (видео)

Бейжіңде Қытай жазушылар одағының ұйымдастыруымен қазақ жазушысы Еркеш Құрманбекқызының «Арғымақ асуы» атты романын талқылауға арналған конференция өтті, деп хабарлайды қытайлық kazakcnr.com сайты

f50ac86a dab0 42eb a975 f8a1a4210db6

Конференцияға Қытай жазушылар одағы басқармасының хатшысы Чю Хуадұң және басқа да танымал жазушылар мен әдебиет сыншылары қатысып, «Арғымақ асуы» романы туралы пікірлерін бөліскен. Сондай-ақ, Еркеш Құрманбекқызы БАҚ-қа берген сұхбатында «Арғымақ асуы» романы 6 жылдық еңбегінің жемісі екенін айтады.

4b5457fb 496d 42d7 a635 3d3f59659983

«Романға қазақ ұлтының ауыл өмірі, тіршілік дағдысы арқау болған. Туындының «Арғымақ асуы» деген атауының өзі сол ауылдағы жайлаудың атауы. Кітап қытай тілінде жазылған. Қазақша нұсқасы әлі шыққан жоқ», – дейді жазушы қандасымыз.

Еркеш Құрманбекқызы – ҚХР Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, аудармашы. Ол ана тілінде де, қытай тілінде де еркін сөйлеп, жаза алатын жазушы. Қазақстандық қаламгерлерден Сайын Мұратбеков, Рахымжан Отарбаев, Немат Келімбетовтердің шығармаларын және Омарғазы Айтанұлы, Оразқан Ахметов, Жұмабай Біләлұлы секілді Қытайдағы қазақ жазушыларының романдарын қытай тілінде сөйлеткен білікті аудармашы. Еркеш Құрманбекқызының төл туындыларынан «Келмеске кеткен қаракер», «Таң атар, күн батар» повестер жинағы, «Ертіс сыңғыры» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.

Back to top button