8 адам қаза тапты: Татарстанда аза тұту күні жарияланды

8 адам қаза тапты: Татарстанда аза тұту күні жарияланды

8 адам қаза тапты: Татарстанда аза тұту күні жарияланды
ашық дереккөзі
Татарстан Президенті Рустам Миннихановтың тапсырмасы бойынша республика үкіметі №175 Қазан гимназиясында болған қайғылы жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына өтемақы тағайындайды. Бұл туралы Татарстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің жетекшісі Лилия Галимова мәлімдеді, – деп хабарлайды Татар-информ ақпарат агенттігі. Соңғы мәліметтер бойынша №175 Қазан гимназиясында болған атыс кезінде 8 адам қаза тапты, 21 адам түрлі ауруханада жатыр. Алдын ала белгілі болғандай, сейсенбі күні Қазандағы №175 мектепте белгісіз екі адамның оқ жаудыра бастаған. Олардың бірі ұсталды. Қазіргі мәліметке қарағанда, бұл 17 жастағы жасөспірім. Екінші күдікті әлі ғимаратта жүр. Қайғылы жағдайға байланысты Татарстан Президенті Рустам Минниханов 12 мамырды республикада аза тұту күні деп жариялады.