Павлодарда адамды көлікке байлап сүйреген азамат іздестірілуде

Павлодарда адамды көлікке байлап сүйреген азамат іздестірілуде

Павлодарда адамды көлікке байлап сүйреген азамат іздестірілуде
ашық дереккөзі
Полиция қызметкерлері бұл видеоны Telegram әлеуметтік желісіне мониторинг жасау кезінде анықтап, зерттеп шықты. Аталған факт Павлодар қаласының полиция басқармасында тіркелді, – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. Әлеуметтік желіде кешкі қала көшелерінде артына байланған адамды сүйреп бара жатқан қара көліктің видеосы тарады. «Полиция аталған фактіге қатысы бар тұлғалар мен куәгерлерді анықтау шараларын өткізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталу үстінде», – деді Ж.Қайыров. Павлодар облыстық полиция департаменті осы видеоны түсірген куәгерлердің 102 немесе 87774586688 нөміріне хабарласуын өтінеді. Құпиялылықтың сақталатынына кепілдік беріледі.