«Nur Otan» партиясы Риддер тұрғындарына бір күндік жалақысын аударады

«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының ұжымы өрттен зардап шеккен Риддер тұрғындарына көмек қорына бір күндік жалақысын аударады.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне Риддер маңындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырған болатын. ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддерде зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді. Әкім тұрғын үй мәселесі алдағы екі айда шешілетінін айтты.

Back to top button