Қазақ басылымының аудиториясы ашылды

Қазақ басылымының аудиториясы ашылды

Қазақ басылымының аудиториясы ашылды
ашық дереккөзі
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдық мерейтойы аясында республикалық қоғамдық-саяси Aiqyn газетінің арнайы аудиториясы мен «Медиадизайн» зертханасының ашылу салтанаты өтті. Aiqyn республикалық қоғамдық-саяси газеті арнайы аудиториясын жасау идеясы екіжақты келісім аясында жүзеге асырылды. Газет ұжымы өз қаражатына аудиторияны заманауи стильде безендірді. Онда ақпарат кеңістігіндегі танымал әлемдік басылымдар мен отандық газеттердің атауы мен Алаш қайраткерлерінің баспасөзге қатысты ойлары жазылған. Алдағы уақытта арнайы аудиторияда оқу үдерісіндегі дәрістер мен газет ұжымының арнайы семинарлары өтеді.  width= «Медиадизайн» зертханасы – журналистика, баспа ісі білім беру бағдарламалары бойынша безендіру программаларын үйренуге, студенттердің жаттығу газеттері мен кітаптарын шығаруға арналған аудитория. Зертханада дизайн жасауға қабілетті жаңа компьютер кешені, баспа өнімдерін дайындайтын түрлі құралдар мен принтерлер, сондай-ақ студенттердің шығармашылық жұмыстарынан жасалған көрме қойылған.  width= Зертханада Adove Premiere, InDesign, CorelDRAW, Adove Photoshop  лицензияланған бағдарламалары бар. Онда «Web дизайн негіздері», «Баспа және онлайн БАҚ дизайны», «Мерзімді басылымдар дизайны», «Фотожурналистика» пәндері бойынша тәжірибелік және зертханалық сабақтар жүргізіледі. Студенттердің шығармашылық шеберлігін ғана емес, ақпараттық технология мүмкіндіктерін игеруге бағытталған зертхана болашақта әмбебап мамандар дайындауға қызмет етеді.