Жаңалықтар

Қазақ басылымының аудиториясы ашылды

ашық дереккөзі

Қазақ басылымының аудиториясы ашылды

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдық мерейтойы аясында республикалық қоғамдық-саяси Aiqyn газетінің арнайы аудиториясы мен «Медиадизайн» зертханасының ашылу салтанаты өтті. Aiqyn республикалық қоғамдық-саяси газеті арнайы аудиториясын жасау идеясы екіжақты келісім аясында жүзеге асырылды. Газет ұжымы өз қаражатына аудиторияны заманауи стильде безендірді. Онда ақпарат кеңістігіндегі танымал әлемдік басылымдар мен отандық газеттердің атауы мен Алаш қайраткерлерінің баспасөзге қатысты ойлары жазылған. Алдағы уақытта арнайы аудиторияда оқу үдерісіндегі дәрістер мен газет ұжымының арнайы семинарлары өтеді. Зертханада Adove Premiere, InDesign, CorelDRAW, Adove Photoshop  лицензияланған бағдарламалары бар. Онда «Web дизайн негіздері», «Баспа және онлайн БАҚ дизайны», «Мерзімді басылымдар дизайны», «Фотожурналистика» пәндері бойынша тәжірибелік және зертханалық сабақтар жүргізіледі. Студенттердің шығармашылық шеберлігін ғана емес, ақпараттық технология мүмкіндіктерін игеруге бағытталған зертхана болашақта әмбебап мамандар дайындауға қызмет етеді.