Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі
11 мамыр, 2021 /
Асыл ТҰМАР
Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли осылай мәлімдеді.
«Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Риддер қаласының ауданында қалалық ауқымдағы ТЖ жариялайды», – деп жауап берді Талғат Уәли журналистердің сауалына.
Ол сондай-ақ Риддерде өрт толығымен ауыздықталғанын хабарлады.
«Қазір орманның жекелеген учаскелерін сөндіру жүріп жатыр. Кешке қарай мамандар барлық жұмылдырылған күштің көмегімен өртті толығымен сөндіреді», – деді министрліктің ресми өкілі.
Еске салсақ, кеше Риддерде ауқымды өрт болып салдарынан екі адам ауруханаға түсіп, 73 жастағы әйел адам көз жұмды. Соңғы дерек бойынша 283 гектар аумақ отқа оранған.