ШҚО әкімі өрттен зардап шеккендерге өтемақы мен жаңа баспана беруге уәде берді

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддерде зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді. Әкім тұрғын үй мәселесі алдағы екі айда шешілетінін айтты. Департамент пен ХҚКО азаматтардың өртенген құжаттарын қалпына келтіреді. Бұл туралы облыс басшысы Instagram-да жазды.

Даниал Ахметов өртте қаза тапқан кент тұрғыны Галина Спивакованың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, табиғи апаттан зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуін тіледі.

«Үкімет пен облыс әкімдігі тарапынан барлық жан-жақты қолдау мен көмек көрсетілетін болады. Өрттен зардап шеккендердің барлығы тұрғын үй алады. Мәселені толық шешу үшін бізге екі жарым ай қажет», – деп жазды облыс әкімі.

«Мүліктік шығындарға келетін болсақ, төлемдер заңға сәйкес жүзеге асырылады. Комиссия жұмыс істейді, ол шығындардың құнын анықтайды және заңнама ережелеріне сәйкес өтемақымен айналысады», – деп түсіндірді әкім.

ШҚО ТЖД жедел желі телефоны жұмыс істей бастады. Көмекке мұқтаж барлық адам 8(7232) 55-38-19 нөміріне қоңырау шала алады…

Back to top button