"Көлікке айырбастап жіберген". Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваға қатысты жаңа дерек шықты

"Көлікке айырбастап жіберген". Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваға қатысты жаңа дерек шықты

"Көлікке айырбастап жіберген". Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваға қатысты жаңа дерек шықты
ашық дереккөзі
Грузияның Тбилиси қаласында жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық әйелдің әріптестері Әсел Айтпаева туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.  Өткен аптада 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі көп қабатты үйдің терезесінің түбінен табылды. Ол сәуірдің аяғында шетелге жұмыс істеуге кеткен. Туысы қызға Грузиядан жұмыс тауып берген. Әсел автокөліктерді ТМД елдеріне жеткізетін көлік компаниясына жұмысқа орналасқан. Олар Әселге үй жалдап, тіпті жүргізуші де беруге уәде етті.
Әсел Айтпаеваны күдікті көлікке айырбастаған болуы мүмкін. Марқұмның анасы осындай мәлімдеме жасады. Қызынан айырылған Айсұлу Айтбаева қызының өз-өзіне қол салғанына да сенбейді.
"Бастапқыда ол туыстарының бірі Мұраттың үйінде тұрып жүрген. Мен "Кімен араласып жүрсің, кіммен таныстың?" деп сұраған едім. Оның жанында Мұрат, Айдос және Тео есімді грузин қызымет бірге жұмыс істеп жүрген, Бесо есімді грузин де болатын. Әсел олар жақсы адамдар екенін айтып жүрген", - дейді Әселдің туысы Айна Айтпаева.
5 мамырға қараған түні Әсел көз жұмды. Қыз қаладағы көп қабатты үйлердің бірінің тоғызыншы қабатынан құлап кеткен. "Грузиядағы көршілерінің айтуы бойынша, Әселмен бірге үйге екі грузин кірген. Бір адам инстаграмға "Менде ақпарат бар, туыстарымен байланыса аламын ба?" деп жазыпты. Мен оның WhatsApp нөміріне қоңырау шалдым. Ол Грузияда тұратынын және қызды біреудің терезеден итеріп жіберген видеосы бар екенін айтты", - дейді Айна Айтпаева. Өлмес бұрын қыз құрбысына ұзақ аудио жазба жіберген. Аудиожазбада ер адам қызға сезімін білдіріп, оған қоқан-лоқы көрсеткен. Құрбысына жіберген дыбыстық жазбада Бесо есімді азамат Әселмен тілдескенін естуге болады. Ол біресе жас қызға ғашық екенін, біресе оның алдағынын айтып, қоқан-лоқы көрсеткені де жазылған.
"- Мен ешкімнің қызметін қолданған жоқпын. - Мен сізге өзімде барлығы бар деп бірден айттым емес пе. - Қазір сенің үстіңе ыстық су құйып жіберемін. - Не үшін? - Қанша күннен бері мені алдап жүрсің? Қазір көз жасыңды төкпе. Мен жаныңда жүрмін. Жылама. Мен саған ғашық болып қалдым", - деген сөздер естілген аудиожазбада.
Шетелге кеткенге дейін Әсел фитнес-клубта әкімші болып жұмыс істеген. Ол жақын араласқан әріптестері Әсел туралы айтып берді.
"Әсел жауапкершілігі мол, өте көңілді қыз болатын. Оның көз жұмғанын естіген кезде мен қатты таң қалдым. Қоңырау шалып, нақты Әсел ме, емес пе анықтамақ болдым. Сіз біздің Әсел туралы айтып отырсыз ба? Бұл біздің кішкентай бұйра шашты Әселіміз бе? Ол соңына дейін күрескенін білемін", - дейді әріптесі Анаргүл Ахметова.
Ал, Айна Айтпаева Әселдің өліміне тағы 3 адамның қатысы бар, дейді. Оның арасында жұмысқа шақырған туысын да атады. Жақындары қызды шетелге апарып сатып жіберген деген нұсқаны да жоққа шығармайды. Олардың айтуынша, қызға Грузияда жұмыс ұсынған туысы қазір Нұр-Сұлтанда тұрады. "Біз Мұраттың Қазақстанға шұғыл түрде қашқанын естідік. Оны полиция бөліміне екі рет шақыртқанымен, қамамапты. Ол полицейлерге керісінше "сендердің алдыларыңда есеп бермеймін" деп әкіреңдеген. Аудиожазбада оның да Әселді зорлағаны анық айтылған". Аудиожазбада Бесо "Сен неге ешнәрсе айтпадың? Сол туысқаның сені екі күн бойы зорлады емес пе?" дейді. Құзырлы органдарға жүгініп, ата-анасы арыз жазды. Бірақ күдіктіні әңгімелесуге шақырып, артынша босатып жіберген", - дейді Айна Айтпаева. Грузия прокуратурасы Бесо Тордуа есімді азаматтың ұсталып, екі айға қамауға алынғанын хабарлады. Құзырлы органдағылар оған "зорлық- зомбылық" жасады және "өз-өзіне қол жұмсауға" мәжбүрледі деген айып тағуда. Отандасымыздың осы 57 жастағы азаматтың жалдап тұрған үйінен құлағаны да анықталған. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық бойжеткен Грузияда түсініксіз жағдайда көз жұмғаны айтылған еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Кейіннен Грузия бас прокуратурасы Әселдің зорланғаны туралы мәлім етті.