Риддердегі өрт: Тілсіз жаудың тұтануына себеп болуы мүмкін күдікті анықталды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 35 үй, 9 ғимарат өртеніп, бір адамның денесі табылды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Риддер қаласындағы алапат өрттің тұтануына себепкер болуы мүмкін күдіктіні анықтағанын хабарлады, деп жазды Aikyn.kz.

«Риддер қаласында өрттің пайда болу фактісі бойынша күдікті ұсталды, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабы екінші бөлігі санкциясына жататын іс-әрекетті (отты ұқыпсыз қолдану) жасады деген күдікке ілінді», – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Күдікті туралы ақпарат және басқа да дерек пен мәлімет әзірге жарияланбайды.

Back to top button