ШҚО-дағы алапат өрттен қаза болғандар туралы ақпарат тарады

Шығыс Қазақстан облысында болған алапат орман өрті Риддер қаласының аумағындағы Лесхоз кентінің үйлеріне жетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Жедел жәрдем желісі бойынша Лесхоз кентінен 1949 және 1980 жылы туған екі ер адамды күйік шалып, жергілікті аурухананың реанимация бөліміне жеткізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері шатырдан 1948 жылы туған әйелдің мәйітін тапты, мән-жай нақтыланып жатыр», – деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Ведомство мәліметінше, жанып жатқан орман алаңы 310 гектарға жеткен. Оның айтуынша, өртті сөндіруді секундына 20 метрге жететін қатты жел қиындатып отыр.

Өртті сөндіруге көмекке МИ-8 және МИ-2 авиаорманқорғау тікұшақтары тартылған, 12,5 текше метр су шашылды.

Еске салайық, бүгін әлеуметтік желілерде Риддер қаласының маңындағы орманда жойқын өрт туралы видео тараған болатын. Видеоны ШҚО ТЖД мен куәгерлер жолдаған.

Back to top button