ШҚО-да 14 үй отқа оранды

ШҚО-да 14 үй отқа оранды

ШҚО-да 14 үй отқа оранды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысындағы дала өртінің жалпы аумағы 310 гектарға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер орман шаруашылығында шыққан қызыл жалынның беті қайтар емес. Желдің салдарынан өрт Лесхоз кентінің 14 үйіне тарап кеткен. «Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.Құтқарушылар Лихачев көшесінің 10 тұрғынын эвакуациялады. Өрт ошағында жеке құрамнан 100-ден астам адам мен 20 техника жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта жанып жатқан орман алаңы 310 гектарға жетіп отыр», - делінген хабарламада. Жалынды ауыздықтау үшін көмекке 2 тікұшақ келіп, 12 500 текше метр су төккен. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да құтқарушылардың дала өртімен күресіп жатқандығын хабарлаған болатынбыз. Біздің каналымызға жазылыңыз: