«Жер қайтарылсын!» Қызылорда облысында диқандар наразылыққа шықты

Қызылорда облысы Мырзабай ахун ауылының диқандары облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықоваға арыз-шағымдарын жеткізуге келді. Ауыл тұрғындары бір жылдан бері Үкіметтен 49 жылға жалға берілген жерлерін құрылтайшылардан қайтара алмай отыр екен. Аудан төңірегінде мәселе шешілмеген соң облыс орталығына келуден басқа амал қалмады дейді диқандар.

Бұл туралы zakon.kz «Еуразия» арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданына Мырзабай ахун ауылының диқандары 9 айдан бері өздеріне тиесілі егістік жерлерін қайтара алмай жүр. Ауылда егін егуге арналған 169 гектар жерді 67 құрылтайшы бөліп алып, күріш егеді екен. Ауыл тұрғындары жерден еш пайда көрмей отырғандарын айтады. Тек егін орылып, жиналған соң адам басына 7 келі күріш беріледі екен.

Жанайқайларын айтуға келген шаруалар карантин талаптарына байланысты ішке кіре алмады. Ал облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы бұл мәселені тек сот шешеді деп отыр.

Back to top button