БҒМ Алматыдағы тағы бір жоғары оқу орнының лицензиясын тоқтатты

Білім және ғылым министрлігі шет тілдер және іскерлік мансап университетінің лицензиясын тоқтатты, деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне Шет тілдер және іскерлік мансап университетінің білім сапасына шағым түскен.

Осыған байланысты аталған ЖОО-да жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оқу процесінің ұйымдастырылуын бақылау қорытындысы бойынша университет лицензиясының қолданылуын заң бұзушылықтар жойғанға дейін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

БҒМ мәліметтері бойынша, білім алушылардың 97 пайызы шекті балды жинай алмаған және оқу процесінде алған білім мен құзыреттіліктің жеткілікті деңгейін растай алмады.

Back to top button