Павлодарда өрттен үш ересек адам мен бір бала қаза тапты

Павлодарда өрттен үш ересек адам мен бір бала қаза тапты

Павлодарда өрттен үш ересек адам мен бір бала қаза тапты
ашық дереккөзі
Өрт 10 қабатты тұрғын үйде болған. Оқиға орнынан 4 адамның денесі табылды, - деп хабарлайды NewTimes.kz Павлодар облысының ТЖД сілтеме жасап.
"10 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында 56 шаршы метр аумақ өртенді, сағат 21.30-да өрт ауыздықталды", - деп атап өтті Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник Мейрамбек Батырқұлов.
Өрт сөндіруге 28 адам мен 8 техника қатысқан. Қазір өрттің неден тұтанғанын және қаза тапқандардың кім екенін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.