Павлодарда өрттен үш ересек адам мен бір бала қаза тапты

Өрт 10 қабатты тұрғын үйде болған. Оқиға орнынан 4 адамның денесі табылды, – деп хабарлайды NewTimes.kz Павлодар облысының ТЖД сілтеме жасап.

«10 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында 56 шаршы метр аумақ өртенді, сағат 21.30-да өрт ауыздықталды», – деп атап өтті Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник Мейрамбек Батырқұлов.

Өрт сөндіруге 28 адам мен 8 техника қатысқан.

Қазір өрттің неден тұтанғанын және қаза тапқандардың кім екенін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Back to top button