«Қазақша бланк болмай, вакцина салдырмаймын!» – Дәулеткерей Кәпұлы

«Қазақша бланк болмай, вакцина салдырмаймын!» – Дәулеткерей Кәпұлы

«Қазақша бланк болмай, вакцина салдырмаймын!» – Дәулеткерей Кәпұлы
ашық дереккөзі
Белгілі айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтандағы филиал жетекшісі Дәулеткерей Кәпұлы вакцина салдыруға келген адамға  мемлекеттік тілде емес, орыс тілінде бланк берілетініне наразы. Facebook-тегі парақшасында ақын қазақ тілінде бланк берілмейінше, вакцина салдырмайтынын жазды. «Қалалық 4 ауруханаға вакцинаның екінші кезеңін алуға келсем, кезек күткен қарагөздер! Толтыратын бланк сол қалпы орысша! Бұл не сұмдық? Кеше Қ.Тоқаев:  "Ұлттық қауіпсіздік кепілі - тіл!" - деген жоқ па?! Қалалық Ішкі саясат басқармасы басшысы Даурен Бабамуратов, Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Мұратұлы, жиырма күн бұрын әлеуметтік желіде жаздым, қайда қарап отырсыздар?! Қаладағы ауруханалардың бланктерін Президент не қала әкімі қазақшалап бермейтін шығар?! Қалалық Тілдерді дамыту басқармасы не шаруамен айналысатынын әлі түсінбей-ақ келемін!!! Қашан қазақша бланк болмай, вакцина салдырмаймын!» деп жазды Д.Кәпұлы.  width= width=