«Олимпиада ойындарының өтуіне қарсымыз»: Жапонияда халық ереуілге шықты

Жапония астанасында Олимпиада ойындарының өтуіне қарсылық білдірген халық ереуілге шықты. 

«Хабар 24» телеарнасының мәліметінше, тұрғындар спорттық шарадан кейін коронавирус індетінің ушығып кетуіне алаңдаулы.

Ұлттық стадион алдында жиналғандардың сөзінше, пандемия кезінде жарыс өткізу орынсыз.

Сонымен қатар, наразы топ «Олимпиаданың кесірі кедейлерге тиеді» деп ұрандатты.

Олардың айтуынша, қазірдің өзінде Жапония билігі қазынадан 15 миллиард 4 миллион доллар қаражат жұмсаған.

Ал халықаралық Олимпиада комитеті болса телекөрсетілім арқылы бұл сома өтеліп миллиардтаған кіріс келетініне сенімді.

«Соңғы кездері Олимпиада ойындарына қарсы шыққандардың саны артып барады. Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуы себеп. Бұл алаңдадатын жайт. Сонда да шараны тоқтату мүмкін емес сияқты», – дейді жергілікті тұрғын Кумико Суто.

Back to top button