«Ол мас болған»: Оралда жасөспірім 5-қабаттан құлап кетті

«Ол мас болған»: Оралда жасөспірім 5-қабаттан құлап кетті

«Ол мас болған»: Оралда жасөспірім 5-қабаттан құлап кетті
ашық дереккөзі
Оралда мектеп оқушысы көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, – деп жазды Mgorod.kz. Оқиға 9 мамырда сағат 04.20-да Строитель шағын ауданындағы 9 қабатты үйде болған. БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 2004 жылғы мектеп оқушысы бесінші қабаттан құлап түскен.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушы қыз жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, қабырғасы сынған. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жәбірленуші мас болған. Ол Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына орналастырылды.