Теміртауда баласы үшін атыс шығарған әке ұсталды

Теміртауда баласы үшін атыс шығарған әке ұсталды

Теміртауда баласы үшін атыс шығарған әке ұсталды
ашық дереккөзі
Теміртауда жанжалдасып қалған баласы үшін атыс шығарған әкенің видеосы тарап, мылтықтан оқ атқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. «9 мамырда жедел-іздестіру шарасы барысында Теміртау полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады. «Аrmsan» маркалы тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді ПД баспасөз қызметі өкілдері. 8 мамырда кешке Теміртаудағы 8-ші шағын ауданның ауласының бірінде екі кәмелетке толмаған бала арасында жанжал туып, оларды ажыратуға әкелері араласқан. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында балалардың бірінің 43 жастағы әкесі 32 жастағы қарсыласының бетінен ұрған. Кейін соққы жеген ер адам үйінен мылтық алып шығып, екі рет ауаға оқ атып, қашып кеткен. Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс тіркелген