Грузияда өлі табылған Әселдің анасы Тбилисиге ұшып кетті

Грузияда өлі табылған Әселдің анасы Тбилисиге ұшып кетті

Грузияда өлі табылған Әселдің анасы Тбилисиге ұшып кетті
ашық дереккөзі
Грузияда өлі табылған қазақстандық Әсел Айтпаеваның анасы Тбилисиге ұшып кетті, - деп хабарлайды Inbusiness. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомство өкілдері әйел адамға құжатын рәсімдеп, қажет билетті тауып беруге көмектескенін хабарлады. Марқұмның денесі Қазақстанға келесі аптаның басында әкелінеді. Қазақстандық қыздың Грузияда өлі табылғаны туралы ақпарат БАҚ беттерінде жақында пайда болды. Тергеу болжамы бойынша, оны әлдекім зорлағаннан кейін жәбірленуші өзіне қол жұмсаған. Марқұмның мәйіті 5 мамырда Тбилисидегі үйдің ауласынан табылған. Грузиялық телеарналар 26 жастағы қазақстандық пен күдікті Бесик Тордуаның әңгімесі жазылған аудиожазбаны жариялады. Аудиода ер адам марқұмның намысына тиіп, өзіне қол жұмсауға итермелегені айтылады. Одан бөлек, жазбада ер адам жәбірленушіге қол жұмсаған кезі естіліп қалған. Марқұмның анасы қызының өліміне қатысты әділ шешім шыққанын талап етіп отыр. Оның айтуынша, бұл іске Әселді Грузияға алып кеткен күйеубаласының да қатысы болуы мүмкін. Грузияның Баспрокуратурасы күдікті ұсталғанын, оған қызды зорлағаны үшін және қол жұмсауға итермелегені үшін айып тағылғанын хабарлады. Ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іс бойынша алдын ала тыңдалым 23 маусымда өтеді. Іс жыныстық қылмысқа қатысты болғандықтан сот отырыстары БАҚ-тың қатысуынсыз жабық өтеді.