COVID-19: мыңнан астам адамның жағдайы ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 10 мамырдағы мәлімет бойынша, 41 723 адам коронавирус инфекциясынан (41 275 КВИ+ және 448 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 063 пациент стационарда, 26 660 науқас амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 790 адамның жағдайы ауыр, 181 пациенттің жағдайы өте ауыр және 108 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Back to top button