Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады
ашық дереккөзі
Израиль жойғыш ұшақтары Иззеддин әл-Кассам бригадаларына тиесілі күзет бекетін бомбалады, - деп хабарлайды ТРТ арнасы. Аталған ақпараттың хабарлауынша, Палестина Денсаулық сақтау министрлігі немесе Газадағы ресми мекемелер шабуыл салдарынан мүлік және адам шығыны туралы әлі бір мәлімдеме жасамған жоқ.
Израиль армиясы әскери ұшақпен Хамасқа тиесілі әскери бекініске әуе шабуылы жасалғанын жариялады. Мәлімдемеде шабуылдың себебі ретінде Газа секторынан Израиль жеріне жасалғаны айтылған. Сондай-ақ Израиль армиясы кеше Газадан өз жеріне бір зымыран атылғанын жариялаған болатын.