Әлемдегі ең сүйкімді иттер анықталды

Әлемдегі ең сүйкімді иттер анықталды

Әлемдегі ең сүйкімді иттер анықталды
ашық дереккөзі
Сүйкімді иттер тізімін автралиялық овчарка бастайды. Басқа иттердің бойындағы барлық үйлесімді австралиялық овчарканың бойынан табуға болады. Жалпы Австралияда ең алғаш аусси итінің тұқымы өсіріле бастаған. Аусси итінің негізі отаны – Америка. XIX ғасырдың соңында аустралиялық овчарка Америкаға аустралиялық қой отарымен бірге келді. Walt Disney компаниясының фильмдерінде иттер пайда болғаннан кейін тек ит өсірушілер ғана емес, америка тұрғындары осы тұқымдағы иттерге қызыға бастады. Ауссидің шығу тегі – шопан иті. Бағытын жылдамдықпен өзгерете алатын қасиетке ие. Өзінің қожайына әрдайым көмектесуге дайын тұрады. Көлемі мен салмағы жағынан ірі иттерге жақын. Аусси итінің артқы аяқтарында түрлі-түстегі ерекшелік ерекше назар аудартады. Ағылшындық кокер-спаниель Үлкен құлақтары мен мұңға толы көзқарасы ағылшын кокер-спаниель мінезімен жаңылыстырады. Жақыннан танысқаннан кейін бұл иттің бойындағы жігерілік пен әдемілік сынды басқа да қырларды байқауға болады. Кокер-спанель аңшылық тұқым болғанына қарамастан, қалалық пәтерде өзін жайлы сезінеді. Ауа райы мен көңіл-күйге қарамастан иесімен сыртқа шығып серуендеуді қажет етеді. Әйтпесе, олар тез салмақ жинайды. Егер үйдегілер итке көңіл бөлмесе, ауырып қалуы да мүмкін. Жаратылысы өте нәзік итті жалғыз қалдыруға болмайды. Тосын оқиғаларға деген құштарлық – кокер итінің басты ерекшелігі. Адамдармен қарым – қатынаста иесін бірінші орынға қояды. Көңіл көтергенді және балалармен ойнағанды жақсы көреді. Бірақ, олардың тарапынан тым көңіл бөлгенді ұнатпайды. Акита-ину Акита-ину жапондық ит. Дене бітімі шағын бұлшықетті, байсалды мінезі бар иттің сұлулығы мен адалдығын бірден аңғаруға болады. Адамдармен қарым-қатынаста өте адал. Үлкен отбасында тұратын иттер иесіне жанашыр. Ал үйдегі басқа адамдарға тез бауыр басады. Бірақ олар өзін құрметтемеген жағдайда агрессиямен жауап беруі де мүмкін. Сондықтан акита-ину тұқымын асырайымын деушілер өте мұқият болған жөн. Бобтейл Ұлыбританиядан шыққан шопан иттің қоқиған қалың жүні жүгіруге еш кедергі келтірмейді. Бастапқыда ол шаруашылық мақсатта өсірілді. Кейіннен отбасылық ит ретінде қабылданып, көңіл бөле бастаған. Аю сияқты жүретін үй жануарының әр түрлі таланты бар: ол жетелеуші және адал. Ол танысудың алғашқы минуттарынан-ақ өзіне тартады. Тіпті, бұл итті аурушаң балаларды емдеу үшін қолданады. Кішкентай балалармен қалдырған қауіпсіз.  Көңіл-күйіңіз болмаса, бобтейл үшін бұл бірнеше минуттық мәселе. Сыртқы түрі ерекше және көңілді мінезі бар бобтейл кез келген ортада «жұлдыз» бола алады. Бобтейлдің ішкі әлемі күшік сияқты болып қала береді. Әлемдегі ең әдемі және сүйкімді ит тұқымдарының біріне жатқызу кездейсоқтық емес. Бұл сүйкімді иттер адалдық пен достықтың үлгісі болып қалады. Егер үй иесі жоғалып кетсе, қатты қайғырады. Сонымен қатар, отбасы мүшелеріне құрметсіздік пен дөрекілік танытса, оған төзбейді.  

Қызғалдақ Омар

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Саясаттану және журналистика факультетінің 4-курс студенті