Brent маркілі мұнай баррелінің құны 51 доллардан асты

4 қазан, 2016 / Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
ашық дереккөзі
Brent маркілі мұнай баррелінің құны 51 доллардан асты Әлемдік мұнай бағамы өсті, оған ОПЕК елдерінің мұнай нарығын тұрақтандыру үшін бірлескен іс-қимыл жасасу туралы келісімі әсер етті. Қор нарығындағы сауда осыны көрсетті, деп хабарлайды Gazeta.ru. Желтоқсан айының фьючерстерінде солтүстіктеңіздік Brent маркілі мұнай қоспасының құны 1,67%-ға артып 19 тамыздан бері алғаш рет барреліне 51 доллардан асты. Қараша айының фьючерстерінде WTI маркілі мұнай құны 0,95%-ға өсті, ол да 5 шілдеден бері алғаш рет барреліне 49 доллардан жоғары бағалануда.