Рак ауруын тудыратын тағы бір себеп анықталды

Рак ауруын тудыратын тағы бір себеп анықталды

Рак ауруын тудыратын тағы бір себеп анықталды
ашық дереккөзі
Е171 жасанды бояғышы немесе титан дикосиді адам денсаулығына қауіпті екені анықталды. Еуропа елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі агенттік (EFSA) ғалымдары осындай шешімге келіп отыр. «Ғалымдар қолжетімді барлық ғылыми зерттеулер мен мәліметтерді есепке ала отырып, титан диоксидін тағамдық қоспа ретінде тұтыну қауіпті деген тұжырымға келді», – Еуропа елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі агенттіктің (EFSA) тағамдық қоспа және хош иістендіргіштер бойынша сараптама тобының төрағасы Маджед Юнес. Профессор жасанды бояғыштың ДНҚ-ны зақымдауы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бояғыш жасушада жиналып, обыр ауруын тудыруы мүмкін. Е171 танымал бояғышы тағам өнеркәсібінде қолданылады. Осы бояғыштың арқасында азық-түлік өнімдерінің сыртқы түрі көз тартып тұрады және оны сақтау мерзімі ұзарады. Сонымен қатар косметика, бояу және дәріде кеңінен қолданылады.