Көкшетаудағы саяжайлар өртке оранды

Көкшетаудағы саяжайлар өртке оранды

Көкшетаудағы саяжайлар өртке оранды
ашық дереккөзі
Кеше сағат 12.44-те «101» пультіне «Целинник» және «Авиатор» кооперативтерінің саяжайларына ауысқан құрғақ шөптің жанғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен. Жалпы ауданы 5 га. Өртті сөндіруге 8 бірлік техника, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 73 қызметкері, сонымен қатар, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 25 курсанты және 2 бірлік техника тартылды, жергілікті атқарушы биліктің 4 жұмысшысы мен 4 техникасы жұмылдырылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Өрт салдарынан 16 саяжай өртке оранды («Целинник» - 6, «Авиатор» - 10). Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Айта кету керек, өрттің себебі бірқатар сараптамалар кезінде анықталады. Болжам бойынша өрт отқа бей-жай қарау, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу салдарынан болған. «Көкшетау қаласы тұрғындарына, әсіресе саяжай тұрғындарына үндеу тастағым келеді. Құрғақ шөптер мен қоқыстарды жағуға болмайды. Нәтижесінде өрт пайда болады. Өрттің шығу себептерін анықтау үшін өрт-техникалық зерттеу тағайындалды», – деді Көкшетау қ. Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Әсет Жақсылықов. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар қызметі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады, өрт болған жағдайда шұғыл түрде «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарласыңыз.