Мәскеу тұрғындары Әлия Молдағұлованың есімін мектепке қайтаруды сұрады

Мәскеуде Вешняки ауданы тұрғындары жергілікті әкімшілікке Әлия Молдағұлованың есімін мектептердің біріне беру немесе қайтару туралы өтініш берді, – деп хабарлайды «Хабар 24» .

Телеарна мәліметі бойынша, әлемдегі алғашқы мерген әйелдер мектебі 1943 жылы Вешняки қаласында ашылған. Осы оқу орнында Әлия Молдағұлова оқыған.

Әлия Молдағұлова майданда ерлікпен қаза тауып, Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Кейін мектеп пен аудандағы екі көше атақты мерген қыздың есімімен аталған.

Жақында Вешняки ауданындағы бірнеше оқу орны біріктіріліп, бұрын Ә.Молдағұлова есімі берілген мектеп атауы № 1512 мектеп бөлімшесі болып қалған.

Жергілікті тұрғындар, көпшілігі Ә.Молдағұлова мектебінің түлектері, қазақстандық мергеннің атын оқу орнына қайтаруды сұрайды. Олар жергілікті әкімшілікке жүгініп, өтініш берген.

«Былтыр Жеңістің 75 жылдығында екі рет – Жеңістің 75 жылдығына және Әлия Молдағұлованың 95 жылдығына байланысты өтініш бердік. Бұл есім қалпына келтіріліп, Мәскеуде тағы да Әлия Молдағұлова атындағы мектеп болады деген үміттеміз», – деді басылымның журналисі, «Қазақ диаспорасы» қорының басшысы Полад Джамалов.

Бұған дейін Вешняки тұрғындары үйлердің біріне Әлия Молдағұлованың құрметіне ескерткіш тақта орнатуға рұқсат алған.

Back to top button