Жігіті көбейту кестесін білмегені үшін тұрмысқа шығудан бас тартты

Үндістанда күйеу жігіт көбейту кестесін білмегені үшін қалыңдық оған тұрмысқа шығудан бас тартты.

Неке қию салтанаты 1 мамыр күні Уттар-Прадеш штатында өтуі керек болған. Қалыңдық күйеу жігіттің біліміне күмәнданып, 1-ден 9-ға дейінгі сандарды 2-ге көбейтуін сұрайды. Сандарды көбейте алмағанын көрген қалыңдық оған тұрмысқа шығудан бас тартқан.

«Күйеу жігіттің отбасы оның білімі туралы бізден жасырды. Ол тіпті мектепке бармаған болуы да мүмкін», – дейді қалыңдықтың немере ағасы. Ол қарындасының бұл әрекетін мақтан ететінін жеткізді.

Екі жақ тойдың қарсаңында бір-біріне жасаған сыйлықтары мен зергерлік бұйымдарын қайтарып беру туралы келіскен.

Осыған дейін де Уттар-Прадеш штатының Биджнор қаласында қалыңдық тойға кешіккен күйеу жігітті күтпей, басқа жігітке тұрмысқа шыққан болатын. Қалыңдық пен күйеу жігіттің отбасы арасында осыған дейін де келіспеушіліктер жиі орын алған көрінеді, ал жігіттің өз тойына кешігуі қалыңдықтың соңғы төзімін тауысқан.

Back to top button