Белгілі кәсіпкердің «Өте маңызды» кітабы оқырманға жол тартты

Белгілі кәсіпкердің «Өте маңызды» кітабы оқырманға жол тартты

Белгілі кәсіпкердің «Өте маңызды» кітабы оқырманға жол тартты
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында белгілі кәсіпкер, меценат Дулат Тастекейдің «Өте маңызды» атты кітабының таныстырылымы өтті. «Кітап авторы – кәсібін шағын ломбардтан бастап, Қазақстанның барлық өңірінде филиалдарын өркендетіп, қаржы компаниясына айналдырған кәсіпкер, меценат. Оның бизнес жолы, жеке тәжірибесі, түйгендері мен білгендері, кәсіп бастауға ниетті кез келген оқырман үшін қызықты әрі пайдалы болары сөзсіз» делінген кітап түсіндірмесінде. «Қазір қоғамда кәсіпкер феномені қызығушылық туғызып отыр. Кәсіпкер боламын дейтін жастардың да қатары артты. Осы кітап арқылы бизнеспен айналысқысы келетін жандарға үлгі болатын бір бейнені қалыптастырып, кәсіпкерге керек тәжірибемнен алған бар мағлұматты ұсынғым келеді. Сондай-ақ бұл дүние алдағы жылдары нарығымызға келетін жас ойыншылар үшін де құнды болады деген үміттемін» дейді Дулат Тастекей. Кітап бизнес ұғымының қазақша этимологиясы, корпоративтік мәдениет туралы, бизнесте бағытты таңдау, стартап пен бизнестің ұштасуы, кәсіптің ішкі миссиясы деген тақырыптарға бөлінген 15 тараудан тұрады. Әр тарауда кәсіпкер өз тәжірибесіне сүйене отырып, кәсіп бастаудың қыр-сырына тоқталып, қандай да бір істі қалыптастырып, дамытудың жолдарын ұсынады. «Кітапты оқыған адам менімен бетпе-бет сұхбаттасқандай әсерде болса, бір бағытта ойлайтын, мен айтқым келген дүниені түсінген адамдардың қатары жалғыз менімен шектелмейтіндігін «алақайлап» айтуға болады. Сенің идеяңды қуаттап, қолдайтын жақтастарыңның көптеп пайда болуы – үлкен табыс және заманымыздың бізге сыйлаған бір нығметі» дейді кітап авторы.