«Қасақана улауы мүмкін». Алматыда құстардың жаппай қырылуы тұрғындардың зәресін ұшырды
«Қасақана улауы мүмкін». Алматыда құстардың жаппай қырылуы тұрғындардың зәресін ұшырды
Алматы тұрғындарын көшеде шашылып жатқан құстардың өлексесі шошытты.
Көгершіндердің жаппай қырылуына не себеп болғаны белгісіз. Арықтар да құстардың өлексесіне толып қалған. Тіпті балалар ойын алаңында да шашылып жатыр. Бәрінің де тұмсығынан қан аралас көбік аққан. Тұрғындар құстарға әлдебіреулердің қасақана у бергенін деген ойда. Себебі, бірер күн бұрын көгершіндерге бола өзара жанжалдасып қалған. Біреуі маңайды ластады деп, кеміргіштерге қарсы дәрімен көзін құртқысы келсе, басқалары үзілді-кесілді қарсы шыққан. Қалай болғанда да көгершіндердің не себепті қырылғаны белгісіз. Удан сескенген жұрт енді санитар дәрігерлерден дереу сынама алуды сұрап отыр.
"Құстарды әдейі улаған. Тышқанға қарсы дәрі шашқан. Адам қолынан жем алып үйренген көгершіндер еді. Ешкімге зияны жоқ болатын. Бұл арада бала ойнайды. Олар да уланып қалуы мүмкін. Полицияға шағымдандым. Бірақ олар арызымды қабылдамады", - дейді қала тұрғыны Анастасия Мигунова.