Қазақ-қытай шекарасында жер сілкінді

Қазақ-қытай шекарасында жер сілкінді

Қазақ-қытай шекарасында жер сілкінді
ашық дереккөзі
Жер сілкінісі Алматы уақытымен 8.53-те тіркелді, эпицентр екі елдің шекарасында орналасқан Қазақстандық сейсмологтар Қазақстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан шығысқа қарай 320 шақырымда жер сілкінісі болғанын хабарлады. Ақпарат сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция сайтында жарияланды. Жер сілкінісі 8 мамыр Алматы уақытымен 8.53-те болған. "Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.5. Магнитуда MPV 4.9", - делінген хабарламада. Жерасты дүмпулерінің сезілгені туралы мәлімет жоқ. Бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы 5,2 жер сілкінісі болғаны хабарланған еді.