Қазақ-қытай шекарасында жер сілкінді

Жер сілкінісі Алматы уақытымен 8.53-те тіркелді, эпицентр екі елдің шекарасында орналасқан

Қазақстандық сейсмологтар Қазақстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан шығысқа қарай 320 шақырымда жер сілкінісі болғанын хабарлады. Ақпарат сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция сайтында жарияланды.

Жер сілкінісі 8 мамыр Алматы уақытымен 8.53-те болған.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.5. Магнитуда MPV 4.9», – делінген хабарламада.

Жерасты дүмпулерінің сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы 5,2 жер сілкінісі болғаны хабарланған еді.

Back to top button