Грузияда қайтыс болған қазақстандық қыздың өлімі туралы марқұмның әпкесі айтып берді

Грузияда қайтыс болған қазақстандық қыздың өлімі туралы марқұмның әпкесі айтып берді

Грузияда қайтыс болған қазақстандық қыздың өлімі туралы марқұмның әпкесі айтып берді
ашық дереккөзі
26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваның Грузияда қайтыс болғаны жайлы мәлімет қоғамда үлкен резонанс тудырды. Марқұмның әпкесі болған оқиғаның күдікті тұстары туралы айтып берді. Экспресс К басылымына берген сұхбатында марқұмның туысы Әсел Грузияға кеткенге дейін онымен бірге Нұр-Сұлтан қаласында тұрғанын айтады. Қызға алыс туыстары Грузияға баруды ұсынды. Қазақстанда Әсел фитнес-клубта әкімші болып жұмыс істеді. Грузияда оған ТМД елдеріне шетелдік автокөліктерді алып-сатумен айналысатын компанияда жұмыс істеу ұсынылды. "Әсел құжаттармен жұмыс істеуі керек болды, сызаттарды және басқа да ақауларды бақылап отыруы, оларды компьютерге енгізуі қажет еді. Оған 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс және 500 доллар жалақы уәде етілді. Сіңілім шетелге кетуді армандады, сондықтан қуана-қуана келісті" - дейді туысы Айна Айтбаева. Айтуынша, Әсел әңгімелесуді видеоқоңырау арқылы өткен, содан соң оған жинала беру қажет екені айтылған. Алайда қазақстандық паспорттың қолданылу мерзімі тамыз айында аяқталып, оның Грузияға сапары кейінге қалуы мүмкін еді. Бұл туралы білгеннен кейін, жұмыс беруші —  немере әпкесінің күйеуі оған тездетуді сұрады, тіпті паспортын шұғыл өзгертуге, ПТР-тестілеуден өтіп, билеттер сатып алу үшін ақша жіберген. Айна мұндай асығыстық оны оны алаңдатқанын айтады. "Ол бір-екі күнде жиналып, 27 сәуірде ұшып кетті. Рустави қаласында оны жұмысқа қабылдаған туысының үйінде қалған. Одан басқа, пәтерде оның Қазақстаннан келген бизнес серіктесі тұрған, сондай-ақ, Бесо есімді грузин тұрды. Бірнеше күннен кейін Әсел маған қоңырау шалып, Тбилисиде жалға алған пәтерін көрсетті. Менің таңғалғаным, бұл пәтер Руставидегі жұмысынан өте алыс еді. Ол оған жүргізушісі бар көлік берілетінін айтты", - дейді ол. Әсел анда-санда достарымен және туыстарымен байланысқа шығып, шетелдегі ортасы туралы айтып жүрген. Алайда 5 мамырға қараған түні қыз өзінің ең жақын құрбысына Telegram арқылы Бесомен болған әңгімесінің дыбыстық жазбасын жіберді. Олардың әңгімесінен туысының күйеуі оны зорлап, содан кейін грузинге сатқаны айтылады. Сондай-ақ, қазақстандық қыз құрбысына Бесодан қорқатынын және ол өзін ұрғанын жазды. Келесі күні таңертең қыздың қайтыс болғаны белгілі болды. Алдын ала болжам бойынша, ол терезеден құлап кеткен. "Оны құлатып жіберді ме немесе ол өзі сол жерден секіріп кетті ме, белгісіз. Белгілі болғандай, оған қауіп төндірген адамды Грузия полициясы өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізгені деген күдікпен ұстады", - дейді Айна. Айтабевтар отбасы Грузияға барып, қызының денесін әкелу үшін көпшіліктен ақша жинай бастады. Туыстары сот-медициналық сараптама жүргізілгенге дейін барып үлгергісі келеді.