«Қайда құлайтыны белгісіз». Жерге 22 тонналық зымыран жақындап келеді

Бақылаудан шығып кеткен Қытайлық Long March 5B ауыр зымыран тасығышы алдағы демалыс күндері (8-9 мамыр) атмосфераға өтіп, жерге құлауы мүмкін, – деп хабарлайды Liter.kz BBC-ге сілтеме жасай отырып. 

Ең қызығы, бұл зымыранның нақты қай жерге құлауы мүмкін екенін ешкім білмейді.

Гарвард университетінің Астрофизика орталығының ғалымы Джонатан Макдауэлл зымыран 8-10 мамыр аралығында атмосфераға өтіп, осы уақыт ішінде әлем бойынша 30 рет саяхат жасайды деп мәлімдеді.

29 сәуірде Қытай өзінің болашақ ғарыш станциясының негізгі модулін Long March 5B ауыр зымыран тасығышымен («Чанчжэн-5в») орбитаға жөнелткен болатын.

Сарапшылар зымыран қалдықтары елді мекендерге түсіп, адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін деп алаңдап отыр.

Back to top button