Қазақстан Қырғыз Республикасына көмек ретінде 10 мың тонна ұн жібереді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек ретінде 10 мың тонна ұн жіберуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз халқына Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады», — деп жазды баспасөз хатшысы.

Back to top button