Ішімдіктен бас тартқан ауылда бір жарым жыл бойы бірде-бір қылмыс тіркелмеген
Ішімдіктен бас тартқан ауылда бір жарым жыл бойы бірде-бір қылмыс тіркелмеген
Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Жиделіарық ауылында бір жарым жыл ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауылдың тыныс-тіршілігі және учаскелік инспектордың жұмысы туралы ІІМ-нің ресми сайтында баяндалады, - деп хабарлайды nur.kz рolisia.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Бұл ауылда 518 отбасы тұрады, шамамен мыңнан астам адам. Олардың барлығы мал ұстайды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Бұған халықтың ауызбіршілігі және учаскелік инспектор қабылдаған шаралар ықпал еткен. Ауылда екі дүкен бар, бірақ олардың ешқайсысында алкоголь сатылмайды.