Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары мен базарлардың жұмыс кестесі өзгерді

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары мен базарлардың жұмыс кестесі өзгерді

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары мен базарлардың жұмыс кестесі өзгерді
ашық дереккөзі
Елорданың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, сауда орталықтары жаңа режимде жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды zakon.kz. Жаңа жұмыс кестесі бойынша сауда орталықтары жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін ашық тұрады. Тек вакцина егу нүктелері бар сауда орталықтары ғана сенбі-жексенбі күндері 8:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бірақ объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұз және ролик катоктарының, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады. Ғимаратта орналасқан дәріханалар, сондай-ақ азық-түлік пен қажетті заттарды сататын шағын маркеттер, супермаркеттер мен гипермаркеттер ғана жұмыс істейді. Сондай-ақ, шектеулер Ashyq жобасына қатысатын сауда орталықтарындағы мекемелерге қолданылмайды. Ашық алаңдағы азық-түлік және азық-түлік емес базарларға штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.