Қадір түнін мешітте қарсы алуға рұқсат па? – ҚМДБ мәлімдемесі

Қадір түнін мешітте қарсы алуға рұқсат па? – ҚМДБ мәлімдемесі

Қадір түнін мешітте қарсы алуға рұқсат па? – ҚМДБ мәлімдемесі
ашық дереккөзі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қадір түніне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды turkystan.kz. Мәлімдемеде эпидахуалды одан сайын күрделендірмеу үшін Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн режімде өтетіні айтылған.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі пандемиялық жағдайды ескеріп, қауіпті дерттің таралуын алдын алу үшін қасиетті Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн режімде өтетінін хабарлайды. Осы ретте Қадір кешін үйде өткізу қажеттігін қаперлеріңізге саламыз. Халықтың денсаулығы мен өмірі бәрінен қымбат құндылық болғандықтан, осындай уақытша шешімді дұрыс қабылдауларыңызды және тәртіпке бағынуларыңызды сұраймыз, – деп мәлімдеді muftyat.kz.