Жаңалықтар

Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты

ашық дереккөзі

Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты

Атырау облысында "Теңізшевройл" мердігерлік ұйымының "ҚазҚұрылысСервис" жұмысшылары жалақы есептеу жүйесіне наразылығын білдіріп, ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды zakon.kz Ақжайыққа сілтеме жасай отырып. "Қазқұрылыссервис" компаниясының басшылығы мәселені шешуге кірісті. "Мен әуежайға бара жатырмын. Атырауға дейін ұшақпен жетіп, одан соң Теңізге қарай бет аламын. Әзірше ешқандай түсініктеме бере алмаймын. Оқиға орнында мән-жайды анықтайтын боламыз", - деді "Қазқұрылыссервис" бас директоры Сәбит Жанасов. Бас директордың айтуынша, ереуілге шыққан азаматтар жұмыстан босатылмайды.