Жаңалықтар

Түркіменстан ардагерлері Жеңіс күні президенттен алатын сыйлыққа өздері ақша төлейді

ашық дереккөзі

Түркіменстан ардагерлері Жеңіс күні президенттен алатын сыйлыққа өздері ақша төлейді

Түркіменстанда Екінші дүниежүзілік соғыс және тыл ардагерлері өздеріне берілетін сыйлыққа ақша өткізуге міндеттелді, оларды 9 мамыр күні елдің президенті Гурбангулы Бердімұхамедов табыстайды. Бұл туралы Orda.kz Азаттық радиосының түркімен қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Дәстүр бойынша жыл сайын Жеңіс күнінде ардагерлерге президенттің атынан сыйлықтар беріледі. Бірақ екінші жыл қатарынан ардагерлер Жеңіс күніне орай берілетін сыйлық үшін өздері төлейтін болды. Ардагерлердің балалары мен немерелерінің айтуынша, билік ақша жинау туралы ресми түсініктеме бермеген. Соғыс ардагерлеріне берілетін ақшалай және бағалы сыйлықтардың мөлшері де нақты емес. Былтырлары оларға 200 манат төленген. (3.5 манат — 1 АҚШ доллары). Анонимді ақпарат көздерінде Түркіменстан халқын президент портреттері мен кітаптарын сатып алуға, иттерді тамақтандыру орындарын салуға, коронавируспен күресу үшін дезинфекциялық құралдар мен медициналық жабдықтар сатып алуға ақша тапсыруға міндеттейтіні жиі жазылады, бірақ ел билігі мұны мойындамайды. Мемлекеттік қызметкерлері коронавирусқа тест тапсыруға немесе Түркіменстанда өндірілген ақылды теледидарларды сатып алуға мәжбүр, олардың құны жалақыдан ұсталады.